Бейінді мамандардың орыс тілінен қазақ тіліне сапалы аудармасы

«Премиум» аударма агенттігі әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар мен олардың мүдделерін біріктіру үшін құрылды. Бізде тек аудармашылар ғана емес, шет тілін меңгерген әр түрлі мамандық мамандары жұмыс істейді. Агенттік 50 тілден мәтіндердің, медиафайлдардың немесе  төл сөздердің кез келген түрін аударуға көмек ұсынады. Жұмыстағы маңызды бағыттардың бірі орыс тілінен қазақ тіліне аудару қызметі болып табылады.

БІЗ НЕ АУДАРАМЫЗ

Бүгінде қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше аудармалар Ресей мен Қазақстан экономикаларының бірігуі, ортақ шекара, мәдени және әлеуметтік өзара әрекеттестік себебінен сұранысқа ие. Осы байланыстарды қолдау үшін, біз аудармалардың келесі түрлерін орындаймыз:

  1. техникалық;
  2. заң;
  3. медициналық;
  4. нотариалдық;
  5. коммерциялық;
  6. көркем;
  7. корпоративті.

Біздің қазақ тіліне аудару қызметіміз тұрақты кеңейіп келеді. Компьютерлік және интернет-технологиялар сайттарды тілдік түзету қажеттілігіне әкелді. Құжаттарды қазақ тіліне аудару және оларды келісімдеу қажеттілігі (апостиль) туристік және жеке коммуникациялардың ұлғаюына байланысты, үнемі өсуде. Жеке коммуникациялардың дамуы дәстүрлі емес қызмет түрлерінің – адамдар арасындағы жанды әңгімені аударудың таралуына алып келді. Ол жеке кездесу кезінде де, конференцияларды немесе өзге де көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде де сұранысқа ие.

 

НЕЛІКТЕН БІЗ?

Кез-келген тіл дамиды және үздіксіз өзгерістер енгізіліп отырады, жаңа сөздер пайда болады, өзге тілден сөздер кірігеді. Өте сирек болса да, кейде емле, айтылу ережелерін түзетулер де орын алады. Осының бәрі, жұмыста грамматикалық немесе стилистикалық қате болмауы үшін, қызметкерлерді үнемі оқыту қажеттілігін талап етеді.

Біздің еңбегіміз аударылатын деректерді басқа елдің тілдік нормаларымен дұрыс үйлестіруге негізделген. Мысалы, нұсқаулықтарды қазақ тіліне аудару ақпаратты техникалық сауатты жеткізуді талап етеді. Сондықтан маман аударма тақырыбына сәйкес сөздік қорды меңгеруі керек. Қазақ тіліне техникалық аударманы инженер, медициналық  аударманы дәрігер орындаған орынды, ал көркем мәтінді  мәдениеттанушы, әдебиетші өте жақсы аударады. Осы үшін біздің агенттікте ең бастысы – шет тілдерін еркін меңгерген және нақты мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі бар сирек мамандар бар.

«Премиум» агенттігінде орыс тілінен қазақ тіліне аудару бойынша кез келген қызмет көрсетіледі. Қызметті тәжірибелі қос тілді мамандар, жазысқан хаттар немесе аударылатын құжаттың құпиялылығын сақтай отырып, орындайды.