Нұр-Сұлтан қаласында қытай тілінен кәсіби аудармашы

«Премиум» аударма агенттігі сіз үшін қытай тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қытай тіліне ауызша және жазбаша аударманы орындауға дайын. Бізде қытай тілі мен аударма өнерін жетік меңгерген мамандар жұмыс істейді. Біздің қызметкерлеріміздің қосымша жоғары техникалық және гуманитарлық білімі бар және келесідей әртүрлі салаларда құзыретті:

  • Экономика және қаржы.
  • Заңтану.
  • Маркетинг.
  • Медицина.
  • Фармацевтика.
  • Бағдарламалау.
  • Басқалар.

Кәсіби лексиканы еркін меңгеру және терең арнайы білім мамандарымызға тапсырыс берушілердің ең қатаң талаптарына сәйкес келетін аудармаларды жасауға мүмкіндік береді.

Біз Нұр-Сұлтан қаласында және одан тыс жерлерде мынадай әр түрлі іс-шаралар кезінде қытай тілінен ілеспе аудармашы қызметтерін ұсынамыз:

  • Іскерлік кездесу.
  • Симпозиум.
  • Конференция.
  • Форум.

Халықаралық деңгейдегі кездесулерде іскерлік жағдай орнату ілеспе және бірізді аударма тәсілдерін меңгерген сауатты және білікті мамансыз мүмкін емес. Біздің жұмыс тәжірибесі үлкен мамандарымыздың қатысуы жоспарланған іс-шараны тиісті деңгейде өткізуге кепілдік береді.

Біз кез келген мәтіннің жазбаша аудармасын сапалы және тез орындаймыз. Мысалы:

  • Әдеби шығармалар.
  • Бейне-, аудиожазбалар.
  • Техникалық мәтіндер.
  • Ғылыми мақалалар.

Біздің мамандар кәсіби лексиканы қолдануды талап ететін кез келген тақырыптағы және күрделілік деңгейіндегі мәтіндерді аударады. Аудармалар стилистикалық түрде тексерілген, сауатты және нақты мақсатты аудиторияға бейімделген.

Біз сайттарды аударамыз. Сайт – әлемдік қоғамдастыққа өзі туралы жария салудың ең ыңғайлы жолы. Қытай тілінен/тіліне сауатты аударылған қытайлық контент сізге көрші ел нарығында өз өнімдеріңіз мен қызметтеріңізді жылжыту мүмкіндігін ашады.

«Премиум» компаниясы барлық қызметтерді келісілген мерзімде сапалы орындайды. Біздің ұран – дәл және жылдам аударма. Атшабар тапсырысты сіз таңдаған орынға келісілген уақытта жеткізеді.