Нотариалды аударма және куәландыру

Аударылған мәтін нотариалды куәландыруды алған соң ресми құжат болады. Біздің компания дәл осы бағытта қызмет ұсынады, бұл клиенттердің көптеген проблемаларын шешеді және оларға қысқа мерзімде одан әрі пайдалануға толығымен дайын материалдарды алуға мүмкіндік береді.

 

Құжаттарды, дипломдар мен төлқұжаттарды нотариалды аудару

Егер сізге мемлекеттік мекемеге аударманы ұсыну тура келетін болса, оны біздің бюромызда мөртабанмен және мөрмен куәландыруды ұмытпаңыз. Бұл шетел адамымен некелесу, жұмысқа ресімделу, тұрақты тұрғылықты жерге шығу және т.б. кезінде қажетті көптеген құжаттар үшін өзекті. Осы барлық жағдайларда Сізге төлқұжаттың, диплом мен басқа құжаттардың нотариалды аудармасы қажет болады. Астанада «Премиум» аударма агенттігі барлық қажетті құжаттардың дәл және ұқыпты нотариалды аудармасын орындайды.

 

Нотариалды куәландыру арқылы аудармалар

Астанада құжаттарды нотариалды куәландырумен аудару мына рәсімнен өтеді: орындалған аударма түпнұсқамен бірге тігіледі, содан кейін соңғы бетіне аудармашы қолын қояды, ал бұл ретте қатысып отырған нотариус қолтаңбаны өз мөрімен куәландырады. Аударма, аудармашы және құжаттың өзі туралы деректер тізілімге енгізіледі. Осылайша төлқұжаттың, мөрлердің және басқа маңызды құжаттардың нотариалды куәландырумен аудармалары орындалады. 

Егер Сіз куәландыруға біз емес, басқа агенттік орындаған аударманы ұсынсаңыз, онда оның дұрыстығына көз жеткізу үшін осы аударманы тексеру қажет болады.

 

Куәландырылған аударманың құны

Астанада нотариалды куәландырылған аударма қанша тұрады? Агенттіктердің бағалары кең шектерде құбылады. Олар аударманың өзін орындау құнын, нотариустың өтемақысын және көптеген басқа құраушыларды қамтиды. Аударма бағалары біздің аудармашылардың жоғары біліктілігі мен ұсынылатын аудармашылық, нотариалдық және редакторлық қызметтердің сапасы ескере отырып, оңтайлы сома болып табылады. Біздің бюромыздың аудармаларын нотариалды куәландыру – кәсіби және үйлесімді жұмыстың қорытындылаушы кезеңі.

 

«Премиум» агенттігіне нотариалды куәландыру арқылы аудармаға тапсырысты қалай беруге болады?

Ең жоғары сапалы, нотариалды куәландырумен немесе нотариалды куәландырусыз аударманы орындау үшін сайтта өтінім қалдырыңыз немесе +7 (7172) 46 68 08 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз. Менеджер Сіздің тапсырысыңыздың қыр-сырын нақтылау үшін хабарласады. Сіз үшін нәтиже - жұмыс нәтижесі мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін сөзсіз пайдалы болатын, өте жақсы орындалған және куәландырылған аударма болады.

Сонымен бірге біз мына бағыттар бойынша қызметтерді ұсынамыз: